+7 771 367 63 68

KZ RU

Іс-шаралар

10 Қазан 2025
Түркістан облысы білім басқармасының "11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ-де "Зиянды заттардан аулақ болайық" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты-оқушыларды зиянды заттардан және зиянды әдеттерден сақтандыру,оларға қарсы тұра білуге тәрбиелеу.
Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.
Зиянды заттардың салдары туралы білімін кеңейту,оқушылардың ой-пікірін ортаға салу.
Іс-шара барысында пікірлесу,көрініс,сұрақ-жауап,жағдаяттық сұрақтарды талдау, зиянды заттардың дұрыс-бұрысын табу,бейнеролик,мақал-мәтел айту сияқты әдіс-тәсілдер қолданылды.
10 Қазан 2025
Құрметті ұстаздар қауымы!
⚜️Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!💐
⚜️Ұстаз – ұлттың болашағын қалыптастыратын, жас ұрпақтың жүрегіне ізгілік, білім мен тәрбие дәнін себетін ұлы тұлғасыздар. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында еліміздің келешегі жарқын, ертеңі сенімді болмақ. Сіздердің әр шәкіртке берген білімдеріңіз, жылы сөзіңдеріңіз, бағыт-бағдарларыңыз – өмір бойы өшпейтін рухани байлық. Бұл – үлкен еңбек пен жауапкершіліктіталап ететін қастерлі жол.
⚜️Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық шабыт, шәкірттеріңіздің құрметі мен биік жетістіктер тілейміз! Еңбектеріңіз әрдайым ел игілігіне жарай берсін!
07 Қазан 2025
Түркістан облысы білім басқармасының “№11 санаториялық мектеп-интернаты” КММ-де 5 қазан – Мұғалімдер күніне орай және “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде “Қоғамға қызмет ету”, “Қуаныш сыйлайық”, “Даналық ұстаздан” челлендждері ұйымдастырылды.
Апталық барысында өзің-өзі басқару ұйымы мүшелерінің қатысуымен “Дублер күні”, сондай-ақ Қарттар күніне арналған ардагер ұстаздарға құрмет көрсету шаралары өткізілді. Тәрбиеші-педагогтар Раймова Н. мен Сапиева Ж.ардагер ұстаздарға қуаныш сыйлап, жылы лебіздерін жеткізді. Ұлағатты ұстаз Б. Урматова бұл тосын сыйдың өзіне ерекше әсер еткенін айтып, ризашылығын білдірді.
25 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өткен “Ұстаз – ұлт шамшырағы” апталығы аясында ұстаздардың қоғамдағы мәртебесін арттыруға бағытталған түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда мектебімізде 270 оқушыға 80 педагог білім мен тәрбие беруде. Әр іс-шара ұстаздарға деген алғыс пен құрметті арттыруға, олардың ұлы миссиясын дәріптеуге арналды.
Апталық қорытындысында бірқатар педагогтар облыстық білім басқармасы басшысы м.а. Г. Орыновтың және мектеп директоры А. Юсупованың Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарымен марапатталды.
03 Қазан 2025
Түркістан облысы білім басқармасының “11 санаториялық мектеп-интернаты” КММ-де
«Адал болу – әр адамның міндеті» тақырыбында бірыңғай адалдық сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беріп, олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру. Сабақ барысында адами қарым-қатынастағы адалдық, қоршаған орта мен өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы түсіндіріліп, оқушылардың осы қасиеттерді дұрыс түсініп, бойына сіңіруіне ықпал етілді.
Шарабарысында пікірлесу, ұлағатты сөздер айту, жағдаяттарды талдау, мақал-мәтелдерді жалғастыру сияқты әдіс-тәсілдер қолданылып, адалдықтың адам өміріндегі ерекше маңыздылығы мысалдар арқылы түсіндірілді.
Адалдық – адам мінезіндегі бағалы қасиет. Ол – адамның таза ниеті, ар-ұжданымен үйлескен, сана-сезіміне қайшы келмейтін іс-әрекеттердің жиынтығы.
Қазақ халқының адалдыққа қатысты өзіндік түсінігін Ұлы Абайдың мына сөзі айқындай түседі:
«Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол».
Іс-шара соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков қорытынды сөз сөйлеп, оқушыларды әрқашан адалдық пен әділдікті серік етуге шақырды.
18 Қыркүйек 2025
📚 «Есірткі — адамның қасы, аурудың басы» 🚫
“№11 санаториялық мектеп-интернаты” КММ-нің тәрбиешісі Ы.Әзімбек, кітапханашылар Ж.Қадірова мен К.Тасбалтаеваның ұйымдастыруымен және Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қолдауымен 9 “А”-сынып оқушыларына зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында танымдық іс-шара өткізілді.
🔹 Шараға Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының психологы Г.Камбарова, нарколог дәрігері А.Ақжолқызы, нарколог медбике Б.Қаржау, сондай-ақ Қазығұрт ауданы пробация бөлімінің аға инспекторы Оңғар Әбіш Сейдалыұлы арнайы шақырылды.
🔹 Мамандар есірткінің адам денсаулығына, психикасына және өмір сапасына келтіретін орасан зияны жайында кеңінен түсіндіріп, жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
🔹 Оқушылар белсенділік танытып, көкейдегі сұрақтарын қойып, өздеріне қажетті маңызды мәліметтер алды.
Бұл шара – жас ұрпақтың бойында жауапкершілік пен өмірге деген дұрыс көзқарас қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды. 🌿✨
17 Қыркүйек 2025
2025 жылдың 16 қыркүйегінде Түркістан облысы білім басқармасының «11 санаториялық мектеп-интернаты» КММ-де “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Қыз болмысы – ұлт айнасы» тақырыбында 5-9 сынып қыздарына арналған жиналыс өткізілді.
🔰 Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Мектеп формасын сақтау;
2. Қыздардың жеке бас гигиенасын қадағалау;
3.Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл мәдениеті мен жүріс-тұрыс дағдылары туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы олардың бойында рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, имандылық пен тазалық қасиеттерін дамыту.
🔰 Жиналысты ДТІЖО О. Салибеков, мектеп психологы А. Сейдалиев, тәлімгер Т. Бегалиева және «Қызғалдақ қыздар» ұйымының жетекшілері: Г. Жаппарқұлова, Л. Наушабекова, Т. Пазылова, Ы. Әзімбек ұйымдастырды.
🔰 Іс-шара барысында қазақ қызының бейнесі мен оның бойындағы асыл әрі көркем қасиеттері туралы айтылып, жалпы бой түзетуге лайықты тұлғаның келбеті сипатталды. Сондай-ақ қыздар арасында еркін психологиялық пікір алмасу жүргізілді.
16 Қыркүйек 2025
2025 жылдың 15 қыркүйегінде Түркістан облысы білім басқармасының «11 санаториялық мектеп-интернаты» КММ-нің АКТ залында «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» және білім беру ұйымдарында алып кіруге тыйым салынған заттарға шектеу қою мақсатында жиналыс өткізілді.
Жиналысқа Қазығұрт АПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Б.Қуаныш, полиция аға лейтенанты Н.Икран, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков, педагог-психолог А.Сейдалиев,«Ұлдар ұйымы» клубының жетекшісі А.Мырзабаев, сынып тәрбиешілері және 4–9 сынып ұл оқушылары қатысты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу;
2. Тәрбиесі қиын оқушылармен жұмыс жүргізу;
3. Мектепке алып кіруге тыйым салынған заттарға шектеу қою;
4. Оқушылардың жеке қауіпсіздігі, буллингтің алдын алу, қоғам мүлкін қорғау, ұстаздар мен ата-аналарды құрметтеу, әлімжеттіліктің алдын алу, жалпы мінез-құлық мәдениеті туралы түсіндіру жұмыстары.
Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков оқу жылы басталған алғашқы 15 күн ішінде оқушылар арасында байқалған тәртіп мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар педагог-психолог А.Сейдалиев, клуб жетекшісі А.Мырзабаев, полиция аға лейтенанттары Б.Қуаныш пен Н.Икран оқушыларға мектептің ішкі тәртібі, «Тәртіп пен заң» қағидалары және «Ұстаздың мәртебесі туралы» заң аясында түсіндірме әңгімелер жүргізді. Сондай-ақ түнгі уақытта көшеде жүрмеу, заң талаптарын сақтау, мәдениеттілік пен тәртіптілікке мән беру туралы кеңестер айтылды.
10 Қыркүйек 2025

Түркістан облысының білім басқармасының "11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ де "Жасөспірімдер арасындағы келеңсіз оқиғалардың алдын алу" тақырыбында және зорлық-зомбылықты болдырмау ға, балалардың құқықтарының қолдануға бағытталған жиналыс отырысы өткізілді. Жиналысқа Қазығұрт АПБ ЖПҚ бастығы полиция майоры С.Мамаев, Қазығұрт АПБ ЖПҚ УПИ полиция аға лейтенаты Ж.Ағабеков, полиция аға лейтенаты А.Мамыков , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Салибеков және жоғары сынып оқушылары қатысты. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: Жасөспірімдер арасындағы келеңсіз оқиғалардың, құқық бұзушылық тың алдың алу туралы, "Лидер" деп аталатын тәрбиесі қиын балаларды қайта тәрбиелеу, зорлық-зомбылыққа қарсы әрекеттерге жол бермеу, "Адал азамат" болдың, әдеміліктің-адалдықтың әңгімелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

25 Мамыр 2025

  Түркістан облысы білім басқармасы “№11 санаториялық мектеп-интернаты” КММ-де 2025 жылғы 23 мамыр күні оқу жылының аяқталуына орай “Мектебім, саған мың алғыс” тақырыбында салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараның бастамасы ретінде барлық сыныптарда “Білімім — Отаныма” тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді. Одан кейін мерекелік шара “Мектебім, саған мың алғыс” атты салтанатты жиынмен жалғасты.
Мерекелік жиында мектеп түлектеріне жүрекжарды құттықтаулар айтылып, сәттілік тілектержолданды. Сонымен қатар, оқу озаттары мен мектеп мақтаныштары арнайы марапаттармен марапатталды.
Мектеп бітіруші үздік түлектер Балтабай Рамазан мен Ділмуратова Аяжан бірінші сынып үздіктерімен бірге “Соңғы қоңырау” рәсімін орындап, оқу жылының қорытындысын белгіледі.
Іс-шара соңында ата-аналармен жалпы жиналыс өткізіліп, оқушылар жазғы демалысқа салтанатты түрде шығарып салынды.
02 Мамыр 2025
Түркістан облысы білім басқармасы "N11санаториялық мектеп- интернаты" КММ-де "Мектебім- мейірім мекені" тақырыбында Білім күніне орай салтанатты жиын өткізілді. Мемлекеттік әнұран орындалып елімізге деген адалдықтарын паш етті.
Жиынға қатысқан қонақтары Қазығұрт аудан әкімдігінің өкілі Омаров Болат Аманбайұлы,
Мектеп директоры А.Юсупова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Е. Амирбеков директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О. Салибеков мектеп ұжымын бүгінгіерекше күнде барша ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, жылы лебіз білдірді.
Ал оқушылар ән айтып, би билеп— бұл шараға мерекелік ырғақ қосып, көңіл‑күйді көтерді және оқушылар жазғы демалысытар жақсы өткізгендерімен бөлісті. "Мектебім — мейірім мекені" атты бірыңғай тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сағаты оқушыларға мейірімділік, бірлік пен ынтымақтық, бейбіт өмірдің тәуелсіздіктің қадірін ұғындырды. Еліміздің болашағы —жас ұрпақтың қолында екенін сезініп, білім жолында алға ұмтылуға жігер берді.
Барлығы: 205
<< 1 2 3 4 5 6 7 8 9 .. 21 >>
Политика конфиденциальности
Рейтинг@Mail.ru
Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK