Главная Оқушыларға Іс-шаралар
Іс-шаралар
10 Қараша 2025
Мектебіміздің жас үстел теннисшілері жүлдегер атанды!
Бұл сайысқа аудан мектептерінен келген жас спортшылар қатысып, өз шеберліктерін ортаға салды.
Олардың арасында №11 санаториялық мектеп-интернатының оқушылары ерекше ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
2010 жылғылар арасында:
2011 жылғылар арасында:
Оларға алдағы уақытта да спортта биік белестер мен жаңа жетістіктерге жете берулерін тілейміз! 

28 Қазан 2025
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» акциясы аясында сенбілік өткізілді 
Бүгін, 2025 жылдың 28 қазаны күні, Түркістан облысы білім басқармасының “№11 санаториялық мектеп-интернаты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Осындай шаралар арқылы ұжым мүшелері табиғатты қорғаудың маңызын ұғынып, экологиялық сана мен жауапкершілікті арттыруға өз үлестерін қосты. 
25 Қазан 2025
№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ
24 Қазан 2025
«№11 санаториялық мектеп-интернаты» КММ-де әлеуметтік педагог Ш. Ташқараева, қосымша білім беру педагогы Н. Қыдырбаева және кітапханашы К. Таспалтаеваның ұйымдастыруымен мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқау 6–8 сынып оқушылары арасында өтті.
– білім алушылардың тілді және өзге ұлттар мәдениетін құрметтеу сезімін қалыптастыру;
– Қазақстан Республикасында мекен ететін халықтардың салт-дәстүрлерімен таныстыру;
–оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сонымен қатар, келесі оқушылар ерекше номинациялармен марапатталды:
23 Қазан 2025
"№11 санаториялық мектеп-интернаты" КММ
21 Қазан 2025
«Жол таптым, бар халықтың жүрегіне»
Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына арналған әдеби кеш
Іс-шараны мектеп кітапханашылары ұйымдастырды. Кеш барысында оқушылар мен қатысушылар жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, оның әдеби мұрасындағы мәңгілік тақырыптарға тоқталды. Әсіресе, оқырман жүрегінен ойып орын алған «Мөлдір махаббат» романына әдеби саяхат жасалып, туынды кейіпкерлерінің бейнесі сахна төрінде қайта жанданды.
Кеште оқушылар жүрек тебірентер өлеңдер оқып, сахналық көріністер көрсетті, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақты кітап оқуға баулу, рухани құндылықтарды дәріптеу және қазақ әдебиетінің ұлы тұлғаларын ұлықтау болды.
Белсенділік танытқан оқушылар марапатталып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
21 Қазан 2025
№11 санаториялық мектеп-интернаты” КММ-де әлеуметтік педагог Ташкараева Шархия Мухтаровнаның ұйымдастыруымен “Мектепке жол” акциясы аясында “Қайырымдылық” концерті өтті.
Мақсаты: Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту мақсатында, әлеуметтік жағынан қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан оқушыларға көмек беру.
Айгул Мирзалиевна, оқушыларға демеушілік жасап, қамқорлық танытып жүрген кәсіпкерлерУмарова Айнурды, Абылхаликова Айнурды, Акимбаева Гүлжаханды, Айтен Нұрқаділді, Қадірова Жарқынай мен Пайз Бердиярды Алғыс хатпен марапаттады. Концертті Шымкент қаласынан, Қазығұрттың тумасы әнші-сазгер, ”Ел қоғамдық қорының” мәдениет саласының үздігі, Театрлар одағының мүшесі Пайз Бердияр Құрбаналиұлы өткізді. Концертте оқушыларымыз бірге ән шырқады, өз дәрежесінде өтті. Мектеп-интернат қызметкерлері демеушілік жасап, белсенді атсалысты
14 Қазан 2025
Түркістан облысы білім басқармасының “№11 санаториялық мектеп-интернаты” КММ-де
«Мамандық – өмір таңдауы» тақырыбында тәрбиеші А. Балғынбаева 9 «Б» сыныбымен ашық тәрбие сағатын өткізді.
• «Мамандық» құндылығы туралы түсінікті кеңейту;
•Мамандық таңдау мен оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы жайлы ұғым қалыптастыру;
• Жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін арттыру, кәсіби бағдар бере отырып, өзін-өзі тану аясын кеңейту;
• Оқушыларды терең білім алуға, үздіксіз еңбектенуге және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысында миға шабуыл, пікір алмасу, сұрақ-жауап, тренингтер, жұмбақ жасыру және ЖИ әдістері қолданылды.
• Қазығұрт ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, капитан Қ. Шакиров,
• Қазығұрт ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің инспекторы А. Самбетов,
• №11 колледждің аға шебер-оқытушысы Тілеу Бағдаулет Есімұлы қатысты.
Қонақтар оқушыларға мамандық таңдауға қатысты пайдалы кеңестер беріп, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар белгілі журналист Аман Тасыған арнайы бейнежолдау жасап, оқушыларға өз ақыл-кеңестерін жеткізді.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттырды.
11 Қазан 2025
№11 санаториялық мектеп интернаты" КММ-де "Ұстазыңды құттықта" челенджі аясында мектебімізде "Біз үшін сіздер-ең ерекше педагогсыздар!" атты таңғы жылы лебіз ұйымдастырылды.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің еңбектеріңізөлшеусіз, мәртебелеріңіз биік болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық шабыт, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
11 Қазан 2025
Ұстаз - жай ғана мамандық иесі емес,ол жүрек жылуын шәкіртке арнаған тұлға. Қазығұрт аудандық балалар кітапханасының кітапханашыларының ұйымдастыруымен “N11 санаториялық мектеп интернаты “ КММ нің тәрбиешісі Л. Баратова кітапханашылар Ж. Қадірова мен К . Тасболтаева қолдауымен кітапхана оқу залында “Ұстазым- ұлағатым, үлгі -өнегем!” атты мерекелік кеш өтті. Мақсаты:Ұстаз мамандығының қыры мен сырын түсіндіру. Оқушыларды ардақтыда аяулы ұстаздарын құрметтеуге, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 4 “А” сынып оқушылары ұстаздарға арнаған ән, би , сахналық қойылымдар ұсынылды. Сондай - ақ “ Жылы сөздер себеті” ойыны арқылы оқушылар ұстаздарға жүрек жарды тілектерін арнады.

